Республикалық форумның қатысушысы

(0 Votes)

Жақында Астана қаласында «Қазақстанның үміт артарлары» республикалық байқауы өткен болатын. Мақсаты – Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын білім беру саласының мамандары мен білім алушылар арасында кеңінен насихаттау және жас буынның әдебиет пен өнерге деген қызығушылығын арттыру.

Оған ауданымыздан Панфилов орта мектебінің 10 сынып оқушысы Іңкәр Айболат та  қатысты. Іңкәр аталған байқаудың аудандық кезеңінен сүрінбей өтіп, «Жыр эстафетасы» бойынша жүлделі І орын, облыстық кезеңінде де  ІІ орын иеленді. Одан кейін Мұқағали оқуының онлайн байқауына қатысып,  жеңісті жолын жалғастырып, «Қазақстанның үміт артарлары» республикалық байқауына жолдама аған болатын. Байқауға еліміздің әр өңірінен дарынды оқушылар келіп қатысатынын ескерсек, бұл өте жақсы көрсеткіш. «Қазақстанның үміт артарлары» қатарынан Іңкәрдің табылуы ауданымыз үшін мерей. Ұйымдастырушылар ризашылығын білдіріп жетекшісі Гүлнар Абулхайрова мен оқушының ата-анасын да құрметтеп, Алғыс хатпен марапаттағанды жөн санаған.     

Бұл Іңкәр Болатбекқызының алғашқы жеңісі емес. Жақында ол «Табиғатты аяла» республикалық жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің форумына «Жасыл клуб» бағыты бойынша ІІ орынды иеленді. Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің жұмыс жоспарына сай «Экология» бағыты бойынша, «ECO-ART» экологиялық қолөнер байқауының «Идеядан іске асыруға дейін» номинациясына қатысып, жүлделі І-ші орынды жеңіп алған.

Мектептің жаны мен жүрегі – мұғалім. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы», деп текке айтылмаған. Жақсы ұстаздың шәкіртіне берері мол. Іңкәр Айболат осындай жеңістерге жетіп жүрсе, мұнда жетекшісі, Панфилов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі Абулхайрова Гүлжан Қисарқызының еңбегі зор. «Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей, Гүлжан Қисарқызы оқушының бойындағы бейімділігі мен дарынын тап басып, осындай дәрежеге жеткізіп отыр. Шәкірті мен ұстазының алар асулары көп болып, қуанта берсін дейміз.

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT