Аудандық аналар кеңесінің жоспарына сай Абай атындағы жалпы орта мектебінде аналар кеңесінің отырысы өтті.
Күн тәртібінде республикалық аналар кеңесінің жаңа ережесі мен аудандық аналар кеңесінің жаңа құрамы таныстырылды. Келесі кезекте республикалық аналар кеңесі төрағасы Назипа Ыдырысқызы және облыстық қоғамдық келісім кеңесінің мүшелерімен кездесу форматында өтетін республикалық форумның дайындық жұмыстары пысықталды. «Салауатты сана», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» республикалық жобалары аясында ауданда, ауылдық округтерде атқарылған жұмыстар қаперге берілді.
Кеңес отырысын оның төрайымы Балғаным Хасенқызы қорытындылап, алдағы атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді саралады.
Айнагүл Күнұзаққызы