"Өнерлі бала елдің көркі" деген дана халқымыз бала дарынын жоғары бағалай білген. Осындай елдің көркі болып жүрген, ауданымыз бен облысымыздың мақтанышы, өнерлі бүлдіршіндеріміздің бірі Орлылық "Балдырған" бөбекжай балабақшасының "Балапан" тобының бір топ бүлдіршіндері.
Ертілек Жантөреұлы, Абдулрахман Дастанұлы, Нұрасыл Мейірбекұлы, Айзере Сәндібекқызы, Ақәділ Алтынбекұлы, Нұртілек Тілекұлы, Ислам Жасұланұлы атты тәрбиеленуші балдырғандар 2022 жылы желтоқсан айында өткен ҮІІ "Жеті өнер" халықаралық шығармашылық фестивалінің облыстық іріктеу кезеңіне қатысып, ансамбль саласы бойынша жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, "Бас жүлдемен" республикалық кезеңге жолдама алған болатын. 2023 жылдың 8-9 мамыр күндері Алматы қаласында өткен республикалық кезеңінде сәні мен мәні жарасқан өнер көрсетіп, республикалық кезеңнің "БАС ЖҮЛДЕ" иегерлері атанды.
Жетекшісі: музыка пәнінің мұғалімі Қажғалиева Гулвира Тұяққызы. Жетекшіге балабақша ұжымының ата-аналары атынан үлкен алғысымызды білдіре отырып, өнер жолында биік шыңдарды бағындырар шәкірттеріңіз көп болсын деген тілек білдіреміз.
"Балдырған" бөбекжай балабақшасы ата-аналар комитеті