РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЛЕТТЕН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

(0 Votes)

Жақында Қарағанды облысында өткен жас жол инспекторларының ХІХ республикалық слетіне ауданымыздағы М.Әуезов орта мектебінің командасы қатысқан болатын.

Оқушыларымыз сенімді ақтап, жан-жақтан жиналған ондаған команданың ішінен облыс, аудан намысын қорғап, жүлделі үшінші орынды иеленді. Бұл жақсы көрсеткіш. Осыған орай жеңімпаз команданы аталған мектеп ғимараты алдында құрметпен қарсылау шарасы ұйымдастырылды.

f2b54821-e661-4c19-ae04-04d1bb4ba840

f897c82a-aef1-4145-b458-aa702bdb4529

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Өркен Тәжібаев аудан әкімінің атынан Ата заңымыздың мерекесімен құттықтап өтіп: – Бүгін өте қуанышты күн. Себебі, бұл оқушыларымыз күні кеше облыстық жас жол инспекторлары байқауынан бірінші орынды иемденді. Енді, міне, республикалық, тіпті халықаралық деуге де келеді, өйткені оған ТМД елдері мен Ресей, Қырғызстан мемлекеттерінен, Қазақстанның барлық облыстарынан командалар қатысқан сайыстан жеңімпаз болып оралып отыр. Нұрлы Бөкенбайқызы жетекшілік ететін бұл ұйым жаз бойы қалай жұмыс жасағанын біз көрдік. Күннің ыссылығына қарамай, балаларды ата-аналарының келісімімен күні-түні дайындап, жеңіске жетуіне барлық мүмкіндікті жасаған жұмыстар ұйымдастырылды. Мұның артында үлкен еңбек бар. Оқушыларды осы жарысқа дайындауға атсалысқан барша лауазымды тұлғаларға, мектеп басшыларына, азаматтарға, аудандық ішкі істер бөліміне, қосымша білім беру ұйымына, ауруханаға, дайындық кезінде түрлі техникалармен қамтамасыз еткен Орал Иманғазиев ағамызға, пән мұғалімдеріне, ата-аналарға алғысымыз шексіз. Бұл өзі облыста бұрын-соңды болмаған үлкен жетістік, - деп оқушылар алда да қуанта берсін, алар асулары биік болсын деген ізгі тілегін жеткізді.

8874745d-add2-4887-bbbf-928c371b03ad

​Ата-аналар атынан ауыл тұрғыны Болат Қалиев сөйлеп: – Жаңа оқушыларымызды облыста да жақсы қарсылағанын естіп жатырмыз. Жеңістеріңмен құттықтаймын! Жарысқа қатысуға жағдай жасаған барша адамдарға ата-аналар атынан үлкен ризашылығымды білдіремін. Себебі, мұндай істер үлкен қолдаумен бітетін нәрсе. Соны ата-аналар жақсы түсінді. Әр уақытта да балаларымыздың жолы болып, осындай үлкен сайыстарда биіктерден көрінсін, ауданымыз бен облысымыздың атын шығара берсін, - деді. ​

b9a86d3f-be44-4a89-8f4b-9a89e793ae12

Жас жол инспекторларының командасы мен олардың жетекшісі Нұрлы Бисеноваға жиналған көпшілік үлкен қошемет көрсетіп, қолдарын қысып, беттерінен сүйіп, суретке түсіп жатты. Оқушылардың бал-бұл жанған жүздерінен қуаныш лебі білінеді. Аудан, мектеп басшылары, ұстаздар мен ата-аналар өздерін осылай қарсылайды деп ойламаса керек. Бұл олардың алдағы жарыстарға құлшынысын арттырып, жеңіске деген жігерлерін шыңдай түсері анық. Біз жеңімпаз команданың жетекшісі, М.Әуезов атындағы орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Нұрлы Бисенованы сөзге тартқанымызда: – Біздер Қарағанды облысында өткен Ғазиз Байтасов атындағы жас жол инспекторларының ХІХ республикалық слетіне қатысып келдік. Сайыстан жүлделі ІІІ орынмен оралдық. Ол 16-25 тамыз аралығында өтті. Слет он бөлімнен тұрды. Біздің оқушыларымыз жүлделі орыннан көрінді. Мұндай жағдай Атырау облысында соңғы рет 2004 жылы болған екен. Араға тура 15 жыл салып оқушыларымыз жүлдені қайтып Атырау облысына әкелді. Болашақта Беларусь жерінде өтетін сайысқа да қатысуды жоспарлап отырмыз. Онда да намысты қолдан бермейміз деп сеніммен айта аламыз. Шәкірттерімізден велосипед айдаудан Бейбарыс Серікұлы, Алтынбек Социал және Нұрайна Жақсылықова көзге түсіп, жүлделі орындар иеленді. Жолда жүру ережесінен емтихан тапсырғанда да жоғары ұпай жинадық. Аудандық мәдениет үйінің үгіт бригадасымен бірге өткізген қойылымымыз да өте жақсы шықты. Барлық аталымдар бойынша түрлі марапат қағаздарына қол жеткіздік, - деді.

76d697ca-bb17-40a9-b0f5-3270186c1b22

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT