Құрманғазы ауданының командасы Облыстық олимпиадада II орынды иеленді.

22-27-ақпан аралығында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың Облыстық кезеңіне Құрманғазы ауданынан 18 оқушы қатысқан болатын. Бірнеше күнге созылған білім додасының қорытындысында 3 оқушы III орын, 2 оқушы II орын, 3 оқушы I орын алып, жалпы білім беретін орта мектептер арасында Құрманғазы ауданы командалық есепте II орында.

Республикалық олимпиадаға жолдама алған оқушыларға Сәттілік тілейміз!



