М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде Республика күніне арналған " Туған ел- әр адамның түп қазығы" атты мерекелік шара өткізілді.
Бұл шараға мектеп жанынан құрылған "Ақ жаулығым қазынам" әжелер ансамблі және ата-аналар,ұстаздар оқушылар қатысты. Шараның мақсаты оқушыларға Республика күнінің маңызын түсіндіру арқылы отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақ сезімін арттыру және отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту. Осы мақсатқа байланысты шақырылған ата - аналарды "Мақтанышым мекенім", "Рухы мықты ел", "Отан сүйерлер" атты 3 топқа бөлінді. Қатысушы ата - аналардың біліктілігін анықтау мақсатында "Менің Қазақстаным", "Ауыл Live", "Өренді өлкетанушы" аялдамасы арқылы арқылы әр топқа 5 сұрақтан қойылдыатындығы айтылып топ жетекшілерін тағайындады. Олар Қадіров Алтай, Мұратов Қуандық, Қалиев Ниғметолла болса осы шараға мектеп жанындағы әкелер кеңесінің төрағасы Бисенов Ерқанат қатысып отырды. Бұл шараны М.Әуезов жалпы орта мектебі жанынан құрылған "Даналар" әжелер клубының мүшелері Мажекенова Нәсіп пен Ергалиева Қазима жүргізді. "Менің Қазақстаным" аялдамасында конферт суыру арқылы Қазақстанның ақын жазушыларының шығармаларының авторын, тілі мен мемлекеттік рәміздер туралы, Қазақстанның астана болған қалаларын атау сұрақтары топтар арасында жауап беру тартыспен өтіп, әр топтың жауабына қазылар алқасы бағасын қою арқылы орындарды белгіледі. "Ауыл Live" аялдамасында сиқырлы қорап арқылы қазақтың салт-дәстүріне орай ұмыт болып бара жатқан жәділерлерді атау неге қолданатындығы арқылы қатысушы топтардың ойының ұшқырлығы тапқырлығы мен шешендігін анықтау. Осы шартта сиқырлы қораптан "Құрқылтайдың ұясы", "Кәрі жілік","Келі" шығып осыларды неге пайдаланады олардың қасиеттерін көрерменге түсіндіруде әр топтан қатысып отырған Қадіров Алтай, Мұратов Қуандық және Ескалиева Жаңылсын әжеміз бен аталарымыз тұшымды жауап берді. "Өренді өлкетанушы" аялдамасында 3 топқа 3 бетше қағазға осы өзіміздің туған жеріміз Құрманғазы ауданының тарихындағы ақын жазушылар олардың шығармаларының атын атау, күйші олардың туған жері, әншілер олардың репертуарындағы әндердің аттарын атау, ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының батырлары кімдер екенін,ауданнан шыққан спортшыларды т.б сұрақтар арқылы біліктілікті саралады.

Бұл шараға округ жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Тукестаева Гаукария қатысып өтіліп жатырған шара жөнінде өз пікірін білдіріп қатысушыларға ризашылығын білдірді.Құрылған әділ қазылар алқасының төрайымы әрі мектеп директоры Гаухар Бисенгалиева сөйлеп 3 топтың да сұрақтарға берген жауаптары арқылы ұпай сандарының бірдей екендігіне тоқталып, өтіліп жатқан шараның тартымдылығын айтып, алға қарайда осындай шаралар жалғасын табатындығы осы шараларлы ұйымдастыруда тәрбие жөніндегі директор орынбасары Әсем Еркеғалиқызының тынымсыз еңбегі арқылы үйымдастырылып жатқанын оған қатысып отырған ата аналарға, әжелерімізге ризашылығымды білдіремін деп қатысушыларға сый-сияпаттарын тапсырып соның "Ауылым әнім" өлеңін хормен орындап көңілді күйде көрермендер тарқасты. Республика күніне орай елдің ертеңі жастармен, мектеп әкімшілігімен " Елді көркейтейік" акциясына орай мектеп алдына терек отырғызылды.

Сандуғаш Қыдыршаева,
М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебі жанындағы "Ақ жаулығым қазынам" әжелер ансамблінің жетекшісі


