Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрінің 23.06.2022 жылғы №517 бұйрығын орындау мақсатында, Құрманғазы ауданы көлемінде 2022 жылдың шілде айының 27маусым – 4шілде аралығында «Заңсыз-келуші-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Бұйрыққа сай, аудан көлеміндегі барлық ауылдық округтерде, заңсыз жүрген, заңсыз келген шетел азаматтарын анықтау мақсатында, олардың тарапынан қылмыстық құқық бұзушылық жібермеу, заңсыз шетел азаматтарын жұмысқа тарту фактілерін анықтау бойынша аудан көлемінде тексеру жұмыстары жүргізілді.
Шараны өткізу кезіңінде, 80 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Талдап айтсақ, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен – 16, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 3 бөлігімен- 25, ҚР ӘҚБтК-нің 518 бабы 1 бөлігімен- 23, ҚР ӘҚБтК-нің 510 бабының 1 бөлігімен-11, ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 5 бөлігімен – 4, ӘҚБтК-нің 519 бабының 1 бөлігімен - 1 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде ТМД елдерінен 52, алыс елдерінен 4 шетелдікке қатысты әкімшілік хаттама жасақталды.
«Заңсыз-келуші-2022» жедел-профилактикалық іс шарасы кезінде ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылған Ресей Федерациясының азаматы Конуспаев Руслан Нарбулатович Құрманғазы аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының шегінен аластатылды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 317-12 бабына сәйкес, шетелдік Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған үшін мәжбүрлеп тысқары 1 Өзбекстан Республикасының азаматы шығарылды.
Е.Б.Караева,
Құрманғазы АПБ-нің
КҚҚБ-нің аға инспекторы
полиция майоры