Ресеймен сауда-саттық тоқтаған жоқ

(0 Votes)

Шекаралық мәселелер жөніндегі Құрманғазы ауданы әкімдігі жанындағы Үйлестіру Кеңесінің отырысын комисия төрағасы аудан әкімі Қайрат Нұртаев жүргізді.

Оған шекара бойында жатқан округтердің әкімдері, шекара қызметі, комиссия мүшелері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Аудан аумағында шекара мәселелері бойынша қалыптасқан жағдай және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының талаптарының сақталуы» жөнінде «Құрманғазы» шекаралық комендатурасының коменданты Ю.Гафаров хабарлама жасап, аталған заңның кейбір баптарына жеке-жеке тоқталды. Сонымен қатар, жүзу құралдарының шығу және кіру айлақтарын белгілеу, шекара қоршауынан мал өту фактілері бойынша оның бағымын ұйымдастыру мәселелерін қозғады.

i

Аудан әкімі Қ.Нұртаев алты табиғат пайдаланушы жүзу құралдарына арналған айлақтарды бірігіп ашудың мүмкіншілігін, олардың келісімшарттағы міндеттерін сұрады. Хабарламашы Заң талаптарына сәйкес кооператив төрағалары өздерінің айлақтарын ашып, оған қоршау жүргізіп, күзетпен қамтамасыз ету керектігін жеткізді. Комиссия төрағасы бұл мәселені табиғат пайдаланушыларға түсіндіріп, арнайы жер бөліп, жобалық құжатын жасақтап, бір-біріне жақын орналасқан кооперативтерге айлақтарды бірігіп ашуына мүмкіндік жасау қажеттігін ескертті. Юрий Василийұлы жақында «Сүйіндік» ЖШС-нің 56 түйе малы Ресей шекарасына өтіп кеткені жөнінде хабардар етіп, оның иесіне әкімшілік айыппұл салынғанымен бұл жағдай тағы қайталанғанын, бақташы ұстамайтыны анықталғанын қаперледі. Одан әрі еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ҚР және шетел азаматтарына мемлекеттік шекараны кесіп өтуіне қойылған шектеулермен таныстырды. Кәсіпкерлер тарапынан «Газель» автокөліктерін өткізуге сұраныс түсіп жатқанын, біздің шекара рұқсат еткенімен ресейліктер оған шектеу қойғанын еске салды. Сондықтан, тек үлкен жүк көліктер, оның ішінде камаздар, фуралар өте алатынын хабарлады. Комиссия төрағасы Қ.Нұртаев орын алған жағдайға байланысты азық-түлік тағамдарынан тапшылық көрмеу үшін аудан орталығында камаз көлігін ұйымдастырып, 4-5 саудагердің басын қосып Астраханнан әлеуметтік маңызы бар тұтыну тауарларын әкелуге мүмкіншілік жасалғанын құлағдар етті. Ауылдық окург әкімдеріне алға қарай бұл мәселені тұрақты жолға қоюды тапсырды. Юрий Гафаров алыстағы Азғыр өңіріне де мұндай жағдай көрсету қажеттігін алға тартты.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT