Ресейлік кәсіпкерлер жәрмеңке өткізуде

(0 Votes)

Жақсы көршінің орны қашанда бөлек қой. Кез-келген уақытта, қуанышта, қиындықта жаныңда болады. Көршілес Ресей елінің Красный Яр ауылынан келген кәсіпкерлер жауапты сәтте Теңіз ауылдық округінен табылды. Олар өз тауарларын тұрғындарға ұсынып, балаларға батут құрып, исі бұрқыраған кәуап пісіріп жәрмеңке көрігін қыздыруда.

 Округ тұрғындарының көңіл-күйлері мерекедегідей көтеріңкі болуына атсалысуда. Теңіздіктер «Көл тамшыдан құралады», дегендей, жауапты науқанға өздерінің қатысуы маңызды екенін жақсы түсінгендіктен ұйымшылдықпен таңдауларын жасауда. Өзінің дауысы есепке алынып, ескерілетініне сенімді.

Учаске төрағасы Тоқтар Ерсайынұлының айтуынша референдум учаскесі Дәулет, Шайхы, Құмарғали, Қасымғали ауылдарын қамтиды. Дәл қазір 425 адам дауыс беріп үлгерген. Айтуынша жастар көптеп келуде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT