Рейд жалғасуда

(0 Votes)

Тәжітажал індетінің таралуын болдырмау мақсатында құрылған мониторингтік топтың жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Жандос Мнафихұлы топ мүшелерінің басын қосып, жұмысты жандандыру керектігін нақтылап айтты.

rejd231

Әлемді әбігерге салған кезеңнің қайтып оралмасы үшін жүктелген жауапкершіліктің аса маңызды екенін тілге тиек етті. Күн сайын рейдке шығып жүрген топ мүшелері әдеттегі қағидадан айнымай, тексеру жұмысын орталықтағы «Аманат» құрылыс дүкенінен бастады.

rejd23

Санитарлық нормалардың толық орындалуы қайталап ескертілді. «Мерей-7» азық-түлік дүкеніне шолу барысында, іште тұтынушының бетпердесіз жүргені үшін жауапты қызметкерден және осы талапты орындамаған сатушының өзінен де түсініктеме алынды. «Жайнар» сауда үйіндегі «Belucci» киім бутигінде бетпердесіз жүрген тағы бір тұтынушы анықталып, түсініктемесін жазып берді. Ал түсініктеме беруден бас тартқан сатушыға әкімшілік хаттама толтырылды. Рейд «Серпер» базары мен «Серпер-2» ЖШС және «Мерей» сауда орталығында жалғасын тапты. Аталмыш орындардың тәртіпке сай жұмыс жасап тұрғандарына көз жеткіздік.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521