АЭС бойынша референдум Шортанбай ауылдық округінде де ойдағыдай өтіп жатыр. Мұнда екі дауыс беру учаскесі ұйымдастырылған. Оның біреуі №187 учаскеде 207 дауыс беруші тіркелген. Арасында алты адам үйден дауыс беруге өтініш білдіріпті.
Соның бірі – 86 жастағы қария Баку Сатыбалдиев. «Жасым ұлғайғанына қарамастан бұл жолғы референдумнан қалмай, өз дауысымды беріп жатырмын. Бұл үшін барлық жағдай жасалған.
Әсіресе, үйден дауыс беруге жақсы мүмкіндік қарастырылған. Сол үшін де ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды айтқым келеді. Менің бұл әрекетім жастарға үлгі болса екен деймін. Олар туған елі үшін ештеңеден аянбай, барлық саяси науқандарға белсене атсалысып, өз дауысын білдіріп, өз таңдауын жасап жүрсе екен деген тілегім бар» дейді Баку Шамұратұлы.
Әділет АМАНГЕЛДІ