Қазақстан бүгінде бойын тіктеп, әлемдік аренада өзіндік сара жолын салып келеді.
Бағытымыз айқын, болашаққа нық жоспар бар. Еліміз үшін қабылданатын шешімдердің халықпен ақылдасып жасалуы құптарлық іс. Сондықтан да бүгінгі жалпыхалықтық референдумның орыны ерекше. Бұл күнге ерекше маңыз беру мақсатында 174 санды референдум учаскесі орналасқан Бегәлиев атындағы жалпы орта мектебінің ұстаздары флешмоб ұйымдастырды. Дауыс берушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, қуанышты мерекеге айналдырды.