5 маусым- референдум өтетін күні Құрманғазы ауданындағы маршруттар жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Әкімдік пен жолаушы тасымалдайтын мердігер мекеменің ортақ шешімімен қабылданған бұл мүмкіндікті жас айырмашылығына қарамастан аудан тұрғындары мен қонақтарының бәрі пайдалана алады. Сонымен 5 маусым күні "Ақкөл -Құрманғазы ", "Мақаш-Құрманғазы" бағытындағы және Құрманғазы ауылдық округі ішіндегі маршруттарды тегін пайдалануға мүмкіндігіңіз бар.