Референдум – тікелей демократияның маңызды институты. Мемлекет үшін және әрбір жеке азамат үшін маңызды шешімдер қабылдауға қоғамның қатысуының бір тәсілі.
«Жаңа Қазақстан» құрғымыз келсе, бізге өзгеріс қажет және бұл – соны енгізудің ең оңтайлы әрі заңды жолы. Жалпыхалықтық дауыс беру арқылы билік пен қоғам арасында жаңа форматтағы қарым-қатынас қалыптастыра аламыз. Конституцияға түзетулерді тек халық қана бекітуге құқылы. Сондықтан, баршаңызды дауыс беруге шақырамын. Елін, жерін, болашағын ойлайтын кез келген Отанымыздың азаматы референдумға баруы тиіс.
Құрманғазы ауданы бойынша 36 сайлау учаскесі бар. Сайлаушылардың жалпы саны –34 935.
36 сайлау учаскесінде 108 партия өкілі болады. Әр сайлау учаскесінде – 3 партия өкілден.
5 маусым күні Республикалық референдумда Құрманғазы ауданы бойынша аудан орталығында Республика аланында, №165 (Мақаш ауылы), №168 (Жұмекен ауылы), №177 (Теңіз ауылы), №192 (Сафон ауылы) Референдум кезінде концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ауыл жастары арасында референдум кезінде видео түсіріліп, «Мен рефендумға барамын» тақырыбындағы хэштегпен әлеуметтік желілерге посттар жарияланатын болады. Сондай-ақ, алғаш және соңғы келген сайлаушыларға естелік сыйлықтар табысталады.
Сонымен қатар, штаб мүшелері, учаскедегі сенімді өкілдер, партия және қоғам белсенділері посттар жарияланатындығын қаперлейміз.
Өмірболат Есенғазиев,
«Amanat» партиясы Құрманғазы аудандық филиалының атқарушы хатшысы