Құрбандыққа шалынатын қойдың бағасы 45 мыңнан аспағаны жөн

(0 Votes)

Аудан әкімдігінде күллі мұсылманға қасиетті Құрбан айт мейрамының аталып өтуі аясында брифинг өткізілді. Оған әкімдік жанынан арнайы құрылған штаб төрағасы «Темірәлі» орталық мешітінің бас имамы Еламан Бегалиев, аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров, жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары Найзабек Құбашев қатысып, маңызды жайттың жай-жапсарына тоқталды.

"Тағы бір ескеретін жайт, Муфтиятпен келісім бойынша қойдың бағасы 45 мыңнан аспағаны жөн. Себебі бұл мейрам қайырымдылыққа бағытталған соң, кейбір жұмыстың уақытша тоқтап, жалақының азаюына байланысты халықтың жағдайымен санасу керек", - деді аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров.

Сөзді Еламан Бегалиев жалғап: «-Халқымыз үшін ең ұлық Құрбан айт мейрамын аман-есен қарсы алу бақыты бұйырғаны үшін Аллаға сансыз шүкірлік етеміз. Шариғатымыз бойынша, нисаб мөлшеріне жеткен әр мұсылман құрбандық шалуға міндетті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы мейрамға орай, «Qurban2020.kz» сайтын іске қосты. Жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасай алады. Қалауларына сәйкес, фото немесе бейне есебін сұратады. Бұл жерде ірі қара малын 1 адам немесе 7 адам бірігіп шалуына болады. Ал, қой мен ешкісі жеке бір адам шалады. Сонымен қатар биылғы аты жаман аурудың алдын алып, санитарлық тәртіпті бұзбау үшін мешітте айт намазы оқылмайды. Мал намаз уақытынан кейін сағат 11-12 шамасында сойылғаны дұрыс»,-деп, тұрғындардың жарияланған өзгеріске түсіністік танытуын өтінді.

Штаб мүшелері жерлестерге осы жағдай турасында қойылатын сұрақтары болса, әлеуметтік желілер арқылы жолдауға болатынын, оның бірі де жауапсыз қалмайтынын, түсінік жұмыстары жалғасы табатынын жеткізді.

Еркеназ Қалижан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521