Рамазан айындағы игі іс

(0 Votes)

Аудан орталығынан 150 шақырым жерде, «Ақжонас» елді мекенінде Қадырғұл Ысық руының қасиетті атасы Естай Қияқұлына 2013 жылы осы рудың ұрпақтары кесене тұрғызған болатын.

Жақында олардың бастамасымен тағы бір игі іс қолға алынды.  Қазақта әулиенің басына барып түнеп, дұға-тілек тілеу бағзы заманнан келе жатқан дәстүр. Осы бағытта аталмыш рудың ұрпақтары кесененің жанынан түнек үйін салып, қоршау орнатты. 26 адам 7 көлік, 1 трактормен сол жерден табылып, қасиетті Рамазан айында ойға алған істерін сәтті аяқтады.

ramazan2

Қасиетті бабаға тәу етіп, дұға бағыштап келген жандардың бұл үйде түнеуіне барлық жағдай жасалған. Тамақ ішетін орындары, қажетті тұрмыстық бұйымдар, жатын бөлмелер бәрі қарастырылған. Шарапатты іске үлкен ұйымшылдықпен атсалысып, демеушілік жасаған Атырау облысының Құрметті азаматы, құрметті қажы Маннап Меңдіғалиевке, ауданымыздың Құрметті азаматтары Өмірзақ Зинуллин, Ғаділхан Қалиев, жеке кәсіпкер Салауат Мырзағалиев сынды бір топ азаматтарға үлкен ризашылығымызды білдіреміз.

 

Қанат Ғаббасов,                               

Естай бабаның ұрпағы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT