Байда ауылдық округінің әкімі Жүсіп Төреғалиевтің мәлімдеуінше ауылға өр суынан қауіп тұрған жоқ.
Бірақ, мұнда да бір каналдың бойы бітеліп қалған. Округ әкімі оны өз күштерімен ашатынын жеткізді. «Құрманғазы» шекаралық өткізу пунктінде дезкедергі жұмыс жасап тұр. Біз барғанда фураларға (ірі жүк көліктері) залалсыздандыру жұмыстары жасалып жатты. Аудан әкімінің сұрағына жауап берген басындағы мамандардың айтуынша бұл арадан күніне 10-15 «Газель» автокөліктері де өтеді. Оның үш-төртеуі ғана ауданымыздан, қалғаны Атырау қаласынан екен.
Қ.Ғұмаров