ҚР-ның Халық емшісі Нұртай Бәженов

(0 Votes)

Ветеринария саласының тәжірибелі маманы Нұртай Жексенғалиұлы Бәженов бұл қызметін тастап, ақыры ата-бабаларының,өз анасының қасиетін ұстауға мәжбүр болды.

Ұлы аруақтар оны бұған шынымен мәжбүрледі. Ол 1964 жылдың 20 ақпанында Мақаш округінің Алға ауылында өмірге келген. 1981 жылы К.Маркс орта мектебін ойдағыдай аяқтап, сол жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының ветеринария факультетіне оқуға түсіп, оны 1986 жылы бітіріп шығады.

1986 жылдың 1-і тамызында ауданның «Октябрь» атанған кеңшарына ауыл шаруашылығы жануарларын емдеу-сауықтыру пунктінің (ЛСП) ветеринариялық дәрігері болып еңбек жолын бастайды. Одан әрі: «Көптоғай», «Октябрь» кеңшарында, «Парасат» шағын кәсіпорнында бас және ветеринариялық дәрігер болады. 1994-2009 жылдары шекара мен көлікті мемлекеттік – ветеринариялық-санитарлық бақылау комитетінің Атырау облыстық бөлімінде бас маман қызметін атқарады. 2009-ы жылдың 16 қаңтарынан аумақтық инспекция басшысының орынбасары және Құрманғазы ауданының Бас ветеринариялық дәрігері лауазымын меңгереді. 2011 жылдың маусымында аудандық аумақтық инспекция басшысы болады. Құрылымдық өзгерістерге орай 2012 жылдың 1-і қаңтарынан жаңадан өмірге келген ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Құрманғазы аудандық аумақтық инспекция басшысы және ауданның Бас мемлекеттік вет.-санитариялық инспекторы лауазымына тағайындалып, 2014 жылғы ақпанның 27-іне дейін еңбектенеді. 2018 жылдың қаңтарында Атырау қалалық «Ветеринарлық станция» КМК директоры қызметіне тағайындалып, сол жылдың маусымына дейін жұмыс жасайды. Жұбайы Майра Абдоллақызы ауданның білікті, басшылық буында еңбек етіп келген айтулы ұстаздарының бірі. Екі ұл, бір қызынан бір немере үш жиен сүйіп отыр.

Сынықшы, емші Нұртай өзіне дейінгі үш сынықшының аруағын алып жүр. Нағашы атасы Әзімжанның, оның ағасы Мәлидің, анасы Зибаның, өзінікі – төртінші аруаққа жатады. 2016-2017 жылдардан бергі уақытта дені Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Астана, Алматы аймақтарынан үш мыңнан аса сынық салған, және бірде-бір ренішсіз. Қалалардағы үлкен-үлкен ауруханаларға да барып салып жүр. «ҚР-ның Халық емшісі» атағы оған талассыз берілген. Нұртай Бәженов бұл күндері «Құртқа Тәуіп атындағы проскопиялық ғылым және дәстүрлі шығыс халық медицинасы дәрігерлері Академиясы» қоғамдық қорының, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі «Қазақстан Республикасының халық және рухани емшілері» мекемесінің толық мүшесі. Мұнысын айғақтайтын дипломы, арнаулы куәлігі, сертификаты және жариялы түрде емшілікпен айналысу құқығын беретін лицензиясы бар.

Нұртай Жексенғалиұлының есімі республиканың ақпарат құралдарында көрініп, кітаптарға шыға бастады.

Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521