РӘМІЗДЕРІМ – ЕЛДІГІМНІҢ НЫШАНЫ

(0 Votes)

Мемлекеттік рәміздер - бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі.

Биыл еліміздің ең киелі символдары саналатын мемлекеттік рәміздерімізге 30 жыл толып отыр. Осыған орай аудан орталығындағы денешынықтыру және спорт кешені алдында «Рәміздерім – елдігімнің нышаны» атты салтанатты шара өтті.

Мемлекеттік ту ортаға әкелінгеннен кейін аудан әкімі Марат Мурзиев бастаған барша мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар басшылары мен мекемелердің ұжымдары қосылып Әнұранды орындады.

Мерекелік құттықтау сөзінде аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы айбынымызды асырып, рухымызды шыңдайтын рәміздерімізді құрметтеу, оларды ұлықтау, жас ұрпақтың жүрегіне ұялату жөнінде ой өрбітті. Мерекелік шарада аудан өнерпаздары Ермек Айсин, Толыбай Қажыгереев отаншылдық әндер орындады. Соңында байрақтарымызды желбіреткен автошеру жүріп өтті.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT