Рәміздер – елдігіміздің айғағы

(0 Votes)

Аудандық спорт кешенінде ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орай облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Алаш мәдениеті» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы, халқымыздың мәртебесі» ұранымен облыстық-патриоттық эстафетасы өтті.

Бұл жұмыстың танымдық және тәрбиелік мәнімен қоса патриоттық рухты дамыта түсуге септігі көп екендігін ұмытпаған абзал.

i

Алдымен жарысқа қатысушылар үшін еліміздің Әнұраны ойналғаннан кейін, жүргізуші Қайрат Сайфуллин эстафетаның ережесімен таныстырды. Аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жалғасбай Шамбузов мерекенің маңыздылығына тоқталып, «стритбол», «асық ату», «арқан тарту» спорт түрлерінен бақтарын сынайтын командаларға сәттілік тіледі. Жарысқа студенттер мен оқушылар қатысты.

i

Соңында үздік шыққандар марапатталып, көк Туымыз кезекке сәйкес Мақат ауданына салтанатты түрде жолданды.

i

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT