Рәміздер күні құтты болсын!

(0 Votes)

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл Отанымыз үшін патриоттық пен намыстың мерекесі. Себебі, әрбір азаматтың жүрегінде патриоттық сезімдерін қалыптастыруда мемлекеттік рәміздердің маңызы зор.

Елтаңба, Ту мен Гимн – еліміздің тарихынан сыр шертетін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер, тәуелсіз мемлекеттің басты символдары.

Бұл рәміздер ұрпақтар өмірбаянының өзгеше қастерлі белгілері болып қала бермек. Қыран бүркіттей күш-қуатымызды бейнелей желбіреген байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатса, тұлпар тұрпатты Елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымыз бен шаңырағымыздың беріктігін паш етуде.

Ал, бабалардың ғасырлар бойғы арманын ұлы болашаққа асқақтата көтерген «Менің Қазақстаным» атты Гимніміз әрбір қазақстандықтың жүрегін елжіретіп, бірлік пен татулыққа үндеуде. Осының бәрі – Қазақстанның жаңа тарихының қастерлі беттері. Аз ғана уақыт ішінде экономикасы қуатты, бірлігі бекем қазақ елі қалыптасып, қуатты мемлекетке айналдық.

Тарихымызды түгендеп, дініміз бен тіліміз қайта оралды. Қазір 130-дан астам ұлт өкілдері туған елдің көк туының астында ауызбіршілікпен өмір сүруде. Бүгінде көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Қауіпсіздік Ынтымақтастық Ұйымы сияқты халықаралық беделді ұйымдардың штаб-пәтерлерінде желбіреп тұр.

Әлемдік додаларда Туымыз көтеріліп, Әнұранымыз шырқалуда. Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу, мақтан тұту әрбір азамат үшін қасиетті борыш.

Ендеше, Тәуелсіздігіміздің алтын күмбезі саналатын мемлекеттік рәміздеріміздің мәртебесі арта берсін! Мерейлі мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.

Тәуелсіз еліміздің көк Туы аспанымызда желбірей берсін!

Аудан әкімі Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521