«Әр бала – бір жұлдыз»

(0 Votes)

Осындай тақырыппен Халықаралық мүгедектер күніне орай №5 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті.

Оны жүргізуші әлеуметтік педагог Гүлназ Қартжанова, педагог-дефектолог Ардақ Ғизатова балғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін алдымен ортаға аниматорларды шақырды.

«Қуантсаң баланы қуант» дегендей, мәдени шарада ерекше балаларға сыйлықтар табысталды. Айым Сатыбалды, Ернұр Қуанышбаев, Айзере Бақытжанқызы, Нария Қуанышбай сынды өнерпаздар әндерін орындаса, ұлдар мын қыздар топтық би билеп, ойындарға белсене қатысты.

Аудандық мәдениет үйінің қызметкер Толыбай Әділжанұлы өзінің музыкалық сәлемдемесін жолдады. Шараны кабинет директоры Клара Қажымғалиева қорытындылап, оған демеушілік танытып, ерекше балаларға тәттілері мен сыйлықтарын таратқан ауданымыздың кәсіпкерлеріне шынайы лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT