Әр адамның айтары бар

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясында өткен аудан әкімінің қабылдауына аудан әкімінің орынбасарлары Жандос Бектеміров, Жастілек Хасанов, аудан әкімі аппараты басшысы Нұрлыбек Қалиев, округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев қабылдауға келгендердің қайсысын да уақыт шектемей мұқият тыңдап, жағдайымен кеңірек танысып, соған сай қажетті жауабын берді. Қабылдауға алғашқы болып кірген Қиғаш ауылдық округінің тұрғыны, 4 баланың анасы Милана Мұқашева жолдасының вахталық әдіспен болса да тұрақты жұмысқа орналасуына көмек көрсетуді сұрады. Округ әкімі Жігер Жанқанов ол азаматтың округте тіркеуде тұрғанын жеткізді. Аудан әкімі Қайрат Талапұлы бізде ірі өндіріс орындары жоқ болғандықтан оны әзірге қоғамдық жұмысқа орналастырып, кейін тұрақты жұмыс қарастыруды округ әкіміне тапсырды.

img_3210

Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны Рита Сахбалиева атаулы әлеуметтік көмек тиіспей қалуы себепті қабылдауға келіпті. Төрт баласына тиісті алименттен бас тартса да беріліп тұрған АӘК соңғы айларда төленбеген. Осыған орай аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиевтің пікірі тыңдалды. Тараптар арасында түсінбестік туындауына орай аудан басшысы бұл мәселені құқықтық тұрғыдан зерделеп қарап, қабылдауға келушіге тиісті жауабын беретінін жеткізді. Құрманғазы ауылдық округінің тұрғыны Талғат Жаудин өздері тұратын Б.Ахметқалиев көшесіндегі түнгі жарықтың соңғы кезде жанбай қалып жүргенін алға тартып, аудан басшысынан кадр таңдау мәселесіне көңіл бөлуін өтінді. Қандай саланы да одан хабары адамдар басқармайынша халықтың сеніміне ие бола алмайтынын қаперге берді.

img_3216

Нұржау ауылдық округінің тұрғыны Аманғали Таңатаров үй сұрай келіпті. Мүгедек ретінде 2 бөлмелі баспанамен кезексіз қамтуын сұрады. Аудан әкімі Қайрат Талапұлы қолданыстағы заңдылықтарға сай олай ете алмайтынын түсіндірді. Бірақ, өтінішті аяқсыз қалдырмай КТК, «Ембімұнайгаз» сияқты ірі мекемелерге шығып, қолқа салмақ. Аудан басшысы бұл азаматтың мүгедек болса өмірге деген құлшынысына, сау адамдардан табыла бермейтін еңбек етсем деген ерік-жігеріне ризашылығын білдірді. Қатысып отырған лауазымды тұлғаларға осындай жастарды елеусіз қалдырмай, қолдарынан келген көмегін көрсетуді тапсырды.

img_3242

img_3249

Құрманғазы ауылдық округінің тұрғындары Василий Латышев Теңіз ауылдық округіндегі қорымдарды қоршау, қоқысты тазалату мәселелерін көтерсе, Оразай Өтегенова ІІ топтағы қызын емдету үшін қаржылай көмек сұрай келіпті. Оларға да тиісінше жауаптар берілді. Қысқаша айтсақ қорымдарды қоршауға қаржы қарастырылып жатыр, тазалық бақылауға алынады, ал, ауру адамдарды емдетуге бюджеттен ақша бөлінбейтіндіктен демеушілер іздестіріледі.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT