Qurban2020.kz сайты іске қосылды

(0 Votes)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Құрбан айт мерекесіне орай Qurban 2020.kz сайтын іске қосты.

Бұған дейін еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты құрбан шалуға онлайн түрде тапсырыс беретін сайттың ашылғаны туралы хабарланған болатын. Қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсететін жаңа сайттың көмегімен ел тұрғындары онлайн түрде құрбандық малын таңдап, төлем жасап, кейін қаласа фото және бейне есебін сұрата алады. Сондай-ақ сайтта құрбан шалуға қатысты Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары дайындаған сұрақ-жауап та бар. Онлайн құрбан шалу қалай жүзеге асатыны жайлы қысқаша түсінік бере кетейік.

Qurban 2020.kz сайты арқылы құрбан шалуды жүзеге асырғанда «Құрбан шалу» ұяшығына өтіп, өз өңіріңізді таңдайсыз. Өңірді таңдаған соң аты-жөніңіз бен ұялы телефоныңызды жазып, шалғыңыз келген құрбандық малы мен санын көрсетесіз. Бұл жерде ірі қара малын 1 адам немесе 7 адам бірігіп шалуына болады. Ал, қой мен ешкіні жеке бір адам шалады. Таңдалған соң автоматты түрде соммасы шығады. Карантин жағдайына байланысты құрбандық малының үштен бір бөлігі құрбан шалған адамға берілмей, мұқтаж жандарға таратылады.

Құрбандық шалынғандығы туралы фото және бейне есебі қажет немесе қажет емес болған жағдайда «ия» немесе «жоқ» тетігін басасыз. (Есебін алу үшін ұялы телефоныңызда WHATSAPP (вацап) болуы міндетті). Барлық жолды толтырып болған соң «Жіберу» батырмасын баса салыңыз. Келесі бетке өткен соң сізге электронды тапсырыс нөмірі беріледі. Сондай-ақ сайтта көрсетілген реквизитке қажетті соманы аударасыз. Осылайша онлайн режімде құрбандық шалуға тапсырыс беріп, рәсімдей аласыз. Шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын!

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521