QURBAN2020.KZ –ке тапсырыс беріпті

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы көлемінде мал 29-30 шілде күндері арнайы белгіленген орындарда санитарлық талаптарды сақтай отырып сатылды.

Атап айтсақ мал оған бөлінген жерлер Құрманғазы ауылының Бұзауслан (Ш.Бекмұхамбетов көшесі 6 үйдің қасы), Сазтүбек (РТС және Қадір елді мекендерінің қиылысында), Құрылысшылар ауылында (ПМК, Сәулет көшесі 17 үй маңы) елді мекендері және Еңбекші ауылдық округіндегі Құрманғазы СДО ғимаратының іргесінде орналасты.
– Аудан әкімдігінің күні бұрын мал сататын орындарды белгілеп қойғаны бір жағынан жақсы болды. Пандемия кезінде қайдан аламын деп іздеп жүрмейсің. Мал сататын жерден бір күн бұрын әкеліп қойдық. Басында көп кісі жоқ. Айналасы таза, әрі ауылға кіре берісте. Бұрын шуаш иісін шығарып мешіттің қасында сататын еді.

Адамдар көліктерімен келіп жатты. Біз барғанда үш-төрт көлік тұрды. Қос қабатты көппәтерлі үйде тұратын туысым өзінің алған малын біздің қораға қамады да таңертең ерте әкетті. Бірақ, қой бағалары былтырғыдан қымбаттау. Бұл енді қалыптасып кеткен дағды ғой. Қалай Құрбан айт басталады, солай малдың бағасы көтеріліп кетеді. Менің бір көршім Qurban20207kz. сайтына тапсырыс бере салыпты.

Айтуынша 40 мыңның қойын таңдапты. Оның қалай шалғанын,оған фотосы мен бейнесебін жіберген-жібермегенін білмеймін. Одан басқа да ол сайтты да қолданып жатырғандар бар шығар. Қазір халық сауатты ғой. Әрқилы пікір айтушылар болғанымен бұл бүгінгі күннің талабы екенін жақсы түсінеді. Өзім қойды 35 мыңға алдым. Қай жерден алғанымды атамай отырғанымды қазір түсінесіз.

Айтайын дегенім сатылатын малдың ішінде биылғы туған бағыландар да жүр. Құрбан айт туралы әлеуметтік желіден оқығанымда қой малы ірі болса 6 ай, шағын болса бір жасқа толуы керек екені айтылған. Біреулер сол бағыланды да алып жатыр. Әрине, олар білмейді, отбасының амандығы үшін құрбан шалуды және Алла алдындағы парызынан құтылуды ойлайды. Ол үшін ешкімді кінәлай алмайсың. Білмегенді Алла кешіреді. Десек те, мал сатушылар мұны білуі тиіс. Алға қарай олар шалынатын малға қойылатын талаптарды ескерсе екен, - дейді Мансур Имранов есімді азамат бізбен әңгімесінде.

«Темірәлі» мешітінің бас имамы Еламан Бегалиевтің айтуынша бүгін Құрманғазы ауылдық округі бойыншы екі ірі қара,4 қой еті сойылып, аз қамтылған отбасыларына тізім бойынша таратылған.

Ал, аудан көлемінде қанша мал шалынғанына кейінірек ораламыз.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521