Құрманғазы ауданы прокуратурасында жеке қабылдау жұмысы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау қағидаларына сәйкес ұйымдастырылуда.
Күнделікті қабылдауды аудан прокуроры, орынбасары және бекітілген кестеге сәйкес жұмыс уақытында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін жеке қабылдауға өкілеттік берілген прокуратура органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
Ауданнан тысқары жерден келушілерді кестеге қарамай олар жүгінген күні қабылдауға бар мүмкіндіктер жасалуда.
Сондай-ақ, кезекші прокурорлар аудандық полиция бөлімінің ғимаратында азаматтарды қабылдауды сол мекеменің ғимаратына ілінетін бекітілген кесте бойынша жүргізіп отыр.
А.ж. өткен мерзімінде аудан прокуратурасының басшылығы 23 азаматты, оның ішінде «Аманат» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдау жүргізді.
Аудан прокуратурасына азаматтар көп жағдайда әлеуметтік-экономикалық, атқару өндірістері және сотқа дейінгі тергеп-тексеру салаларындағы мәселелер бойынша жүгініп, оң шешімдерін тапқан.
Бұған қоса, қазіргі уақытта прокуратура басшылығы аумақтағы уәкілетті орган өкілдерімен бірге шалғай ауылдық округтерге шығу арқылы тұрғындармен кездесу жүргізуде.
Құрманғазы ауданының прокуратурасы