“ Прокуратура туралы” Конституциялық заңның негізгі талаптары түсіндірілді

(0 Votes)

Құрманғазы ауылдық округінің есеп беру жиынына қатысқан аудан прокурорының орынбасары А.Байбусынов ауыл тұрғындарына   Мемлекет басшысымен 2022 жылдың 5 қарашасында қабылданған “Прокуратура туралы” жаңа Конституциялық заңның негізгі талаптарын түсіндіріп өтті.

Бұдан басқа, жиынға қатысқан тұрғындарға Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі, Бизнесті қорғау бойынша прокуратура органдарының атқаратын қызметі, сондай-ақ азаматтарды жеке және заңды тұлға өкілдерін қабылдау, олардың жолданымдарымен (арыз, өтініш) жұмысты ұйымдастыру бағыты туралы түсіндірді және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықтар туралы ескертті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT