Қазіргі уақытта өңірлерде қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандардың құрылыстары жүзеге асырылуда.
Денсаулық сақтау, білім беру, спорт және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту салаларында 406 әлеуметтік нысанның құрылысы мақұлданған.
Соның бірі Құрманғазы ауданының орталық ауруханасы жанынан магниттік резонансты бейнелеу қондырғысы (МРТ) үшін жапсаржай құрылысын салуға 81 млн теңге қаржы бөлінген.
Тендерлік рәсімдердің нәтижесімен «Clima Eng» ЖШС-гі жеңімпаз деп танылып, құрылыс жұмыстарын бастады.