Атырау қаласындағы «Шағала» қонақ үйінде «Балалар мен жасөспірімдер арасында туберкулез профилактикасы мәселелерін БАҚ-та жариялау» атты журналистерге арналған медиа-тренинг өтуде.
Бүгін тренингтің екінші күні. Оған «Атырау-Ақпарат» медиахолдингіне қарасты 2 облыстық және 7 аудандық газеттің тілшілері қатысып, өзекті тақырыпқа орай тәжірибелі мамандардан біліктіліктерін арттыруда. Журналистер тренинг барысында «Теңізшевройл» ЖШС қаржыландыратын және «ХОУП» жобасы іске асыратын «Атырау қаласының балаларымен жасөспірімдері арасында туберкулез профилактикасымен емдеу бойынша жоғары тиімді іс-шаралар енгізу» жобасымен танысты. Оның негізгі мақсаты – туберкулезді диагностикалау мен емдеуге қолжетімділікті шектейтін кедергілерді алып тастау, қоғамдағы вакцинациядан бас тартудың салдарын жою, журналистердің БАҚ-та туберкулез тақырыбын жариялаудағы дағдыларын жақсарту.
«ХОУП» жобасының өкілдері Жанна Тұрсынбайқызы, Ирина Юскаева бағдарламаға, жобаға шолу жасап, туберкулезбен ауыратын науқастарға қатысты ауыртпалық пен кемсітушілік проблемалары және олардың жеңу мүмкіндіктері жөнінде хабардар етті.
А.Шакупова