«Пробация» іс-шарасы өткізілуде

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №166 бұйрығымен бекітілген, 2022 жылға арналған Операциялық жоспардың 115-тармағын орындау үшін, сондай-ақ пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың қайта құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында, 2022 жылғы наурыздың 14-сі мен 24-і аралығында ауданымызда «Пробация» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Құрманғазы аудандық Пробация қызметінің есебінде тұрған жаза өтеуден жалтарған және іздеудегі адамдарды анықтау, сондай-ақ, есепте тұрған адамдардың қайта қылмыстарын алдын алу мақсатында сотталғандарды тұрғылықты мекен – жайы және жұмыс орындарынан аудандық ПБ-і ЖПҚ-нің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп тексеріп, олармен профилактикалық әңгіме жүргізіліп бақылау жасалынуда.

Құрманғазы аудандық Пробация қызметінің есебінде қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандардың барлығы 82 – адам. Оның ішінде шартты сотталғандар 10 - адам, бас бостандығынан шектеу жазасына сотталғандар 50 – адам, жаза өтеу мерзімін кейінге қалдыруға сотталғандар 0- адам, қоғамдық жұмысқа сотталғандар 0 – адам, белгілі бір лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылғандар 22 – адам. Пробация қызметі өз тарапынан осындай жазаға кесілгендерді тәрбиелік дұрыс жолға салып, қайта қылмыс жасаудың алдын алу және болдырмау мақсатында тыңғылықты жұмыстануда.

 

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті
Құрманғазы аудандық Пробация қызметі бөлім бастығы
әділет майоры
А.Е.Мурзабеков

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT