Президенттің қолынан орден алды

(0 Votes)

Астана қаласында, Ақордада 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай үлкен жиын өтті. Қарулы күштер мен Құқық қорғау орындарының қызметкерлері мен ардагерлері қатысқан жиында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілегін білдіріп, бір топ адамдарға марапаттар табыс етті.

Солардың қатарында жерлесіміз, Атырау облысы Полиция департаменті Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Насихан Роман Серікұлы Президенттің қолынан Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденін алды. Бұл ауданымыз үшін, оның құқық қорғаушылары үшін үлкен мерей.

Роман Серікұлы 1995 жылы 6 қарашада Атырау облысы Кұрманғазы ауданында дүниеге келген. 2002 жылы Енбекші жалпы орта мектебіне барып, 2013 жылы сол мектептен 11 сыныпты аяқтап шыққан. Сол жылы Атырау мұнай жане газ институтына көлік, көлік техникасы және технологиясы мамандығына оқуға түсіп, 2017 жылы тәмамдаған. 2018 жылы Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелері университетіне сырттай оқып, 2020 жылы құқықтану мамандығы бойынша бітіреді. 2020 жылдың қазан айында Құрманғазы аудандық полиция бөліміне қызметке орналасқан. Қазіргі күні полиция аға лейтенанты. Ағымдағы жылы 8 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінiң «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты шарада тағы бір жерлесіміз, Атырау облысы Полиция департаменті Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің қызметкері, аға лейтенант Ибатуллаев Жандос Шапхатұлына министр, полиция генерал- лейтенанты Е.Саденов Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденін табыстады. Құқық қорғау, адамдардың тыныштығын күзету, қылмыспен күрес сияқты қиын салада абыроймен жұмыс жасап жүрген азаматтардың марапаттары жалғасын таба берсін!

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT