Президенттің іссапары – экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндігі

(0 Votes)

Нью-Йорктегі сапарында Президенттің әртүрлі деңгейдегі кездесулер өткізуі – Қазақстанның халықаралық аренада өзінің сенімді және белсенді позициясын одан әрі нығайтуға бағытталған стратегиялық әрекет. Мысалы, Amazon компаниясының вице-президентімен цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты талқылауы — еліміздің технологиялық саласында жаһандық серіктестермен тікелей байланыс орнатуға деген ниетінің айқын көрінісі. 

Сол сияқты PepsiCo корпорациясымен Алматы облысында snеk зауытын салу туралы уағдаластық — агроөнеркәсіп пен экспорт потенциалын арттыруға бағытталған нақты қадам. 

Қол қойылған 11 келісім мен меморандум арқылы 5,2 миллиард доллар инвестиция тарту жобасы — стратегиялық салаға, атап айтқанда көлік, логистика, энергетика және IT бағыттарына инвестиция аудару арқылы еліміздің даму қарқынын жеделдетуді көздейді. 

Бұл сапар Қазақстанның әлемдік бизнес пен технологиялық орталармен интеграциясы мен диалогын күшейтуді мақсат етеді.

Сейілхан Қайыржанов,

Журналистика ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT