Аудандық мәслихаттың кезектен тыс XXVII сессиясында негізінен бес мәселе қаралды. Сессия жұмысына аудан әкімі Марат Мурзиев, орынбасары Гүлнар Хасанова, дербес бөлім басшылары қатысты. Өкілетті органның сессиясын аудандық мәслихаттың хатшысы Болат Жүгінісов жүргізді.
Күн тәртібіне сай аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы Қадыржан Өтешов, аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Асқар Мұфтах, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бірәлиев, аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Зияда Жоламанованың хабарламалары тыңдалды. Бұған дейін бұл хабарламалар сессия алдында өткен аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында талқыланып, депутаттар Біржан Кенжебаев, Нұрлан Хұсайынов, Есболат Құбашев, Гүлжанат Қалиева, Өмірболат Есенғазиев және басқалары тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылған болатын. Сол себепті сессияда оларға қатысты сұрақтар туындамады.
Сессия барысында аудан әкімі Марат Бисенғалиұлы Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен Болат Бірәлиев, Бахтияр Вахитов, Жастілек Мырзағалиевті марапаттады.
Қанат ҒҰМАРОВ