Президент бастамалары – студенттердің болашағына сенім

(0 Votes)

Мен студент ретінде Президенттің цифрлық трансформацияға және адами капиталды дамытуға баса мән беруін үлкен қолдау ретінде қабылдаймын. Әлемдік ІТ алпауыттарының Қазақстанға келуі бізге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл – жастардың заманауи білім алып, болашақта өз елінде кәсіби тұрғыда дамуына жол береді.

Шетелдік жоғары оқу орындарының филиалдарының ашылуы мен «Болашақ» бағдарламасының кеңеюі біз сияқты жастарға үлкен шабыт береді. Әлемнің үздік университеттерінде оқып, алған білімімізді Қазақстанның дамуына жұмсау – біздің басты мақсатымыз. Президент ұсынған бастамалар жастардың болашағына деген сенімді нығайтады.

Мөлдір Асылбекқызы,
Студент

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT