Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығына ерекше назар аударуы – уақыт талабынан туған маңызды қадам. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан бұл салаға қомақты қаражат бөлініп, жүйелі реформалар жүргізілуде. Бір триллион теңге көлеміндегі қолдау – бұрын-соңды болмаған деңгей. Дегенмен Мемлекет басшысы атап өткендей, мәселе тек қаржыда емес, оның тиімді жұмсалуында.
Агроөнеркәсіп кешенін озық технологияларға, цифрландыруға бейімдеу – ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттырып қана қоймай, экспорттық әлеуетімізді де күшейтеді. Әр өңірде дайын өнімді толық циклмен шығара алатын агрокәсіпорындардың көбеюі – ел экономикасы үшін үлкен серпін. Бұл ауылдағы жұмыс орындарының ашылуына, жастардың ауылда тұрақтауына мүмкіндік береді.
Президент ұсынған бағыт – инновация мен ғылымды өндіріс пен ауыл шаруашылығына кеңінен енгізудің нақты жолы. Мұндай жүйелі қадам еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, Қазақстанды халықаралық деңгейде беделді агроөндірістік мемлекет ретінде танытатыны сөзсіз.
Жұмақай Ғұмаров,
Құрманғазы ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы