Вице–премьер «Құрманғазы» өткізу бекеті жұмысын тексерді

(0 Votes)

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық жобаларын жүзеге асыру барысымен танысты.

Осыған орай, кеше Роман Скляр және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовпен бірге Құрманғазы ауданына барды. Мұнда вице–премьер «Құрманғазы» өткізу бекеті жұмысының және республикалық маңызы бар «Ақтөбе–Атырау-Астрахань» автожолы құрылысының барысын тексерді.

p

«Құрманғазы» автомобиль өткізу бекеті 2004 жылы көпжақты қарым-қатынас орнату үшін ашылды.

p

Тәулік сайын РФ шекарасы арқылы екі жаққа 4000-ға жуық адам мен 1200 көлік құралдары өтеді. Сондай–ақ Роман Скляр және Махамбет Досмұхамбетов «Ақтөбе – Атырау-Астрахань» автомобиль жолының қайта құру учаскелеріне барды, олардың әрқайсысында мердігерлік ұйымдардың басшылары тұрақты жұмыс барысын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар мен алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Жолдың жалпы ұзақтығы 893 шақырымды құрайды. Оның ішінде 545  шақырымы Атырау облысының аумағынан өтеді.

p

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 432 шақырымы қайта жаңартылады (330-598 шақырымы Атырау-Ақтөбе, 616-893 шақырымы Атырау-Астрахань автожолына тиесілі).
Жол-құрылыс жұмыстары екі бағытта жүргізілуде.

p

Вице-премьер нысандарды тексеруді қорытындылай келе, құрылысты уақтылы және сапалы аяқтау бойынша міндеттер жүктеді.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Фото:ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT