Полиция қызметкерлері марапатталды

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай «Бейбіт елдің қорғандары» атты салтанатты жиын өтті.

6cb0d51e-dfe2-4c89-ac6c-4f08a84dc600

Алдымен аудандық полиция бөлімінде ұзақ жылдар абыройлы қызмет атқарып, ел игілігі үшін қызмет еткен Өтеміс Әжіғалиев, Хайыржан Мұқашевтің есімдері құрметпен аталып, ұрпақтарына естелік сыйлықтар табысталды. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Болатбек Сисатов құттықтау сөз сөйлеп:

- Қоғамның қауіпсіздігіне қызмет етуде, еліміздің бейбітшілігін сақтауда еңбектеріңіз орасан зор. Қызмет бабында жанқиярлықпен өмірін құрбан еткен батырларды ұлықтау, есте сақтау, ұрпақтың алғысын жеткізу парызымыз. Еңбектеріңізге жеміс, толағай табыс тілеймін, - дей келе, аудан әкімінің алғыс хатымен сала ардагерлері мен бүгінгі қызметкерлерін марапаттады.

55c053f9-2827-4d85-b59d-58bfa657d5ff

Келесі кезекте аудандық полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Найзабек Құбашев мерекелік баяндамасында бөлімнің алғыш құрылуы мен қалыптасу жылдарына тоқталып, Құттықтау хатпен бір топ сала ардагерлерін ұлығылады. Аудандық полиция бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенгелді Мерханов жүрекжарды лебізін білдіріп, облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаевтың құтықтау хатын және «Офицердің жұбайы» медалін бөлімде ұзақ жыл қызмет атқарған Өтеміс Дарғожиннің зайыбы Лязиза Кожироваға және Әзидолла Қуановтың жұбайы Сәулеш Дәрібаеваға тапсырды.   

68e9de0f-f0c8-47b1-b57c-61227f7a1267
ҚР ІІМ Ардагерлер орталық  кеңесінің Құрмет грамотасын, облыстық полция департаменті бастығының алғыс хатын сала ардагерлеріне  табыстады. Салтанатты жиын соңы бөлім қызметкерлерінің әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.

 

Айнагүл Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT