1 наурыз Алғыс айту күніне орай, пандемия кезінде айрықша табандылық пен зор жауапкершіліктің жарқын үлгісін және қайрымдылық көрсеткен полиция қызметкерлері марапатталды.
Әкімшілік полиция бөлімшесінің әкімшілік практика тобының аға инспекторы полиция майоры Қабдешов Замирбек Шапихұлына, Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Жексенбаева Арайлым Жексенбайқызына, Азғыр полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Елемесов Рахат Елемесұлына, Азғыр полиция бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Капизов Серікбол Саматұлына Құрманғазы ауданының әкімдігімен алғыс айтылып, құттықтау хаттары табыс етілді.