Полиция полковнигін аудан әкімі қабылдады

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Марат Мурзиев аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Тұрғали Тұрғамбайұлы Жұмашевті зейнеткерлік жасқа шығуына орай қабылдап, құрмет көрсетті.

e403b2f1-f441-4941-9d09-924255a7776e

Аудан басшысы ішкі істер саласында 20 жыл өтілі бар Тұрғали Тұрғамбайұлы өңірімізде де 2 жыл абыройлы еңбек еткеніне тоқталып, адал және мінсіз қызметі үшін ауданның Құрмет грамотасын табыстады.

5d336a91-3f96-46a6-b37a-0c508eb69857

Аудандық мәслихат хатшысы Болат Жүгінісов ақжарма тілегін білдіріп, алғыс хатын табыстады.

Өз кезегінде Тұрғали Жұмашев қабылдау жиынын ұйымдастырып жатқан аудан әкіміне, бірлесіп жемісті еңбек еткен әріптестеріне үлкен алғысын білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT