Аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлыбек Ғаділханұлы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.
«Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін.» деген Н.Қалиев аудандық Полиция бөлімі бастығы, полиция подполковнигі Найзабек Мәжитұлына алғыс хат табыстады. Сонымен қоса қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен қызметкерлерді марапаттады.
Өз кезегінде бөлім бастығы Н.Құбашев тәртіп сақшыларын мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін жасады. Атқаратын штаттық лауазымдары бойынша көзделген бір сатыға жоғары басшы құрамына арнаулы атақтарын беру бойынша Амирова Ақкенжеге полиция подполковнигі, Уахитов Беркінге полиция майоры шенін тапсырды. Сонымен қоса, полиция капитаны Аруов Рустем «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелігісімен марапатталды. Және полиция капитаны Ғайнетов Ерсін облыстық Полиция Департаменті бастығының Грамотасымен, ардагерлер кеңесінің төрағасы Есенгелді Әжігерейұлы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министірлігінің Құрмет Грамотасымен ұлығыланды.
Кезекті сөзді аудандық полиция ардагерлері кеңесінің төрағасы Есенгелді Мейірханов алып, Амиров Рүстемге облыстық полиция департаменті бастығының Алғыс хатын,Камалов Ораз, Ахметов Рафхатқа облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының Алғыс хатын, Тілепов Жантөреге аудан әкімінің Алғыс хатын, Сұңғатов Жолдасқа «ҚР Жол полициясына 30 жыл» медалін табыстады.
Жиынды аудандық полиция бөлімі басшысы, полиция подполковнигі Найзабек Мәжитұлы қорытындылап, әріптестерін тағы да мерекемен құттықтап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі тынымсыз еңбектеріне аса жауапкершілікпен қарауды міндеттеді.