Полиция қызметкерінің ұрпағы - чемпион

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Құбашев Найзабек Мажитұлы өз қызмет бөлмесінде ауылымыз бен еліміздің атын халықарылық деңгейге шығарған Австрия еліндегі Инсбурк қаласында таэквондодан өткен «AUSTRIAN OPEN 2023 G2» халықаралық турнирінде кадеттер арасында 44 келі салмақ көрсеткішінде жеңіске жетіп, алтын медаль иегері 7-сынып оқушысы Нұрайлым Бақытжанқызын ата-анасымен қабылдады.

Нұрайлымның әкесі полиция старшинасы Бақытжан Самиғоллаұлы Ішкі істер органдарында 2006 жылдан қызмет атқарады. Анасы Оксикбаева Эльмира аудан мектебінде мұғалім.

Нұрайлым 2010 жылдан бастап таэквондо спортынан шұғылдануды бастаған. Сол кезден бастап келесі атақтарға ие болған:

- Балалар арасында екі дүркін Қазақстан чемпионы;

- Кадеттер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының «Күміс» жүлдегері 2022;

- Облыстың бірнеше дүркін чемпионы;

- Республикалық және Халықаралық турнирлердің жеңімпазы;

- Таэквондодан спорт шеберлігіне үміткер;

- Қара белбеу ПУМ бірінші дан иегері;

- Австрия Инсбург қаласы G1 Халықаралық турнирде кадеттер арасында 44 кг салмақта чемпион;

- Ташкент қаласында спорт клубтар арасындағы турнирдің жеңімпазы;

Аталмыш шарада сөз сөйлеген бөлім бастығы Найзабек Мажитұлы ауылымыздың, облысымыздың, еліміздің атын шығарған чемпион аруын, шет елден спорттық биік белестерін бағындырғанын атап өтіп, жеткен жеңісімен құттықтап, ата-анасына және Нұрайлым чемпион қызымызға бөлім атынан алғыс хат пен сыйлық табыстады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT