Полиция инспекторларына арналған тірек пункті пайдалануға берілді

(0 Votes)

Құрманғазы ауылының Құрылысшылар мөлтек ауданында учаскелік полиция инспекторларына арналған тірек пунктінің ғимараты пайдалануға берілді.

politsiya-4

Ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Қайрат Нұртаев:

- Азаматтарды қабылдауға және олармен жұмыс жүргізуге өте ыңғайлы кең бөлмелі полицияның тірек пункті өз тұрағын тапты. Пунктте тәртіп сақшылары халықтан туындаған сауалдарға жауап беріп, оңтайлы шешімін табуға қызмет жасайтын болады. Мұндай тірек пункті Кудряшов ауылдық округінде де пайдалануға берілуде. Алдағы уақытта Көптоғай, Асан ауылдық округтерінде осындай ғимараттарды ашуды жоспарлап отырмыз. Жаңа тірек пункті тыныштықтың кепілі болсын – деген ізгі тілегін жеткізді.

politsiya-2

Ішкі істер саласының ардагері Абулхайыр Досқалиев, мердігер мекеме «Ағатаева» жеке кәсіпкерлігінің өкілі Қайыржан Бекмағанбетов ақжарма тілектерін білдірді. Нысанның символикалық кілті полиция лейтенанты Серікбол Даутовқа табысталды.

politsiya-1

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT