Полицейлерге алғыс айтамыз!

(0 Votes)

М.Әуезов жалпы орта мектебіне қашықтан қатынап оқитын 106 оқушы бар.

Оларды білім ошағына тасымалдау үшін арнайы автобус бөлінген. Алайда, шалғайдан мектепке бағытталған жолдың сапасы көңіл көншітпейді. Сол себептен, ауа-райының қолайсыз күндері автокөлік көптеген қиындыққа ұшырайды. Соған сәйкес, оған мінетін шәкірттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірнеше мекемеден көмек сұраған едік. Орын алған ыңғайсыздықтан құтқаруға жауап ретіне аудандық полиция бөлімі көмекке жетті. Олар жарамсыз жерді күреп, уақытша жүретін жол жасап берді.

fb_img_1645079680831

Ел игілігіне қызмет етіп, халыққа бірінші қажеттіліктегі қызметін адал атқарып жүрген аудандық полиция бөліміне мектеп әкімшілігі және ата-аналар атынан шексіз алғысымызды білдіреміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT