«Әпке» – көрерменді толқытқан тағдырлы драма

(0 Votes)

Аудандық С. Көшекбаев атындағы мәдениет үйінде “Замзам Исмагулов” халықтық атағы бар театры қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Дулат Исабековтың «Әпке» драмасын көрермен назарына ұсынды.

Қойылымда отбасы құндылығы, жанкештілік пен адамгершілік секілді мәңгілік тақырыптар терең қозғалды. Бір әулеттің тағдыры арқылы адам болмысы, әпкенің бауырлары үшін жасаған құрбандығы шынайы әрі әсерлі түрде сахнада көрініс тапты. Әр кейіпкердің ішкі жан дүниесі, өмірлік таңдауы көрерменді бейжай қалдырмай, терең ойға жетеледі.

Спектакльдің режиссері С. Саламатов драманың мазмұнын ашуда актерлік шеберлік пен сахналық шешімдерді үйлесімді қолдана білген. Театр ұжымы кейіпкерлердің мінезін нанымды жеткізіп, залдағы көрерменмен рухани байланыс орната алды.

Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген қойылым аудан тұрғындарына рухани әсер сыйлап, қазақ драматургиясының өміршеңдігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Өнер мен тәрбие үндескен тағылымды кеш ретінде есте қалды.

 Әділет ҚАНАТҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT