Пиротехника пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін сақтаныз!

фото: Егемен Қазақстан
(0 Votes)

Жаңа жыл әрқайсысымыз үшін орны бөлек мереке. Онымен бірге әрдайым жақсы көңіл-күй, ізгі тілектер, саны көп сыйлықтармен қатар жүреді және ол әрине әр адам қауіпсіз қолдана білуі тиіс отшашуларсыз өтпейді.

Пиротехника әуелден-ақ адамдарға қуаныш сыйлау үшін жасалған. Түрлі нұршашулар,отшашулар және басқа пиротехникалық құралдар бізде бұрынан мерекелік жағдай туғызу үшін қолданылып келеді. Дегенмен, дұрыс қолдана білмеген жағдайда және жауапсыз қолда зияны жоқ нәрсенің өзі қауіп тудыруы мүмкін.Сондықтан күйіп қалудан,жарақаттанудан, өрттен және басқа мерекелік көңіл-күйге кірбің түсіретін жайттар аулақ болу үшін пиротехникалық құралдарды қолданғанда төмендегі ережелерді мұқият сақтаңыздар:

 - отшашуларды, нұршашуларды және басқа пиротехникалық құралдары қолдан емес, арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алыңыздар.

- нұршашулар мен отшашуларды тұрғын үйлерден, жылдам жанатын заттардан, аласа төбе жабындыларынан, теректердің астынан 20 метр қашықта қолданыңыз.

- олардың білтелердіңн жаққан сәтте бетінізге жақын ұстаманыз.       

- білтені жаққанда оны ұстаған қолыңызды созып тұрыныз. Ол 6-7 секундтай жанады. нұршашудың ұшып шыққан ұшқынын сөндіру қиын, терінізге тисе күйік шалады.

-жаңғыш заттардан жасалған зымырандар мен нұршашуларды адамдарға бағыттауға болмайды.

- Зымырандар бұл қауіптілігі жоғары пиротехникалық құрылғылар, кейде оларды қарға орнатқанда бағытын өзгеріп адамдар тобына қарсы ұшуы да мүмкін.Сондықтан оларды ұгыратын тұрба құрылғыларының жерге мұқият бекітілуін қадағалаңыз.

- отшашулар мен нұршашуларды қатты желде қолдануға болмайды.

- пиротехникалық құрылғылар балалардың ойыншығы емес, оларға бермеңіздер.

- қолданғанда пиротехникалық құралдарды жерге түсіріп алуға және адамдардың аяғының астына тастауға мүлдем болмайды.

- нұршашуларды қолмен қосуға болмайды. (шартылдақтар мен бенгал шырақтарынан басқасын); 

- жағылған отшашу мен нұршашуларға олардың қолдану қағаздарына көрсетілген қашықтықтан артық жақындамаңыз.

- пиротехникалық құралдарды қалтаңызға салып жүрмеңіз.

- жанып жатырған нұршашудың үстіне еңкейіп қарамаңыз.        Әрбір пиротехникалық құрал оны қалай қолдану керектігін көрсетілген нұсқаулармен жабдықталған. Оны қолданбас бұрын жақсылап танысып алыңыз. Бұл сізді пиротехникалық құралдарды қате қолданудан сақтайды.

Есте сақтаңыз! Пиротехникалық құралдарды қолдану кезіндегі қайғылы жағдайлар оны қолдану ережелерін сақтамаудан туындайды. Өзіңіздің және айналаңыздағы адамдардың өмірі мен денсаулығын және материалдық игіліктерін қайғылы жағдайлар мен өрт қауіпінен сақтаңыз! Төтенше жағдайлар мен өрт қауіпі туындай қалса 101, 112 телефондарына хабарласыңыз!

А.Әлібекқызы, Құрманғазы ауданының Төтенше

жағдайлар бөлімінің бас маманы

азаматтық қорғау подполковнигі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT