Құрманғазы ауданы төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері ескертеді: Жаңа жыл мерекесінің жақындап келе жатқанына орай, мерекеге дайындық кезеңінде пиротехникалық бұйымдарды абайсыз қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу фактілері жиі кездеседі.
Қолдану кезінде өрттер және адам жарақат алмас үшін сақтық шаралары болуы тиіс. Түсіндіру жұмыстарын жүргізу Құрманғазы ауданы ТЖБ және жергілікті полиция қызметкерлерінің міндетінде. Осы бағытта аталмыш мекеме қызметкерлерімен сауда орындарында бірнеше рейд жүргізілді.
А.Алибекова, Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің
бас маманы азаматтық қорғау подполковнигі