Пиротехникаға тыйым салынады!

(0 Votes)

«Пиротехника» жедел профилактикалық іс-шарасының мақсаты – аудан көлемінде азаматтық пиротехникалық бұйымдарды сатып алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау қағидаларынбұзуына жол бермеу, сонымен қатар оны кәмелетке толмағандарға сатуға тыйым салу.

Мектептерде және басқа да білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың азаматтық пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу және балалар арасында жарақаттануды болдырмау мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке қауіпсіздік шаралары ескерілсе екен дейміз.

Аудан көлемінде заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібін бұзған азаматтарға ҚР ӘҚБтК 436 бабының 2,3 бөлігі, 483 бабының 1,2 бөлігі, 196 және 415 баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын қаперге береміз.

И.Каменов,

АПБ ӘПБ азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобының аға инспекторы, полиция майоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT