Перзентханадағы домбыра үні

(0 Votes)

Перзентханадағы 2018 жылдан бері шілде айының бірінші жексенбісі республикада Ұлттық домбыра күні ретінде тойланып келеді. Ғасырлар үнін егіз шектен төгілген музыка сарынымен атадан балаға жеткізген көне аспаптың қадір-қасиетін арттырып, ұлттық өнерді насихаттауды мақсат тұтқан атаулы күннің халқымыздың өмірінде алар орны ерек, жөні бөлек.

Ата-баба мұрасын келер ұрпаққа аманат етіп қалдыру – бүгінгі буынның міндеті. Бар болмысы домбыраның үнінде бейнеленген ұлтымыз үшін одан асыл мұра жоқ. Содан болар ол әрбір шаңырақтың төрінде ілулі тұрады. Осыған орай аудандық аналар кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясының идеясын жүзеге асырып, перзентхана бөлімшесінде осы аптада дүние есігін ашқан сәбиге домбыра тарту ету шарасын ұйымдастырды.

- Бұл шараның мақсаты – қазақтың ұлттық аспабы – домбыраны дәріптеу арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және өркендету идеясының айналасына қоғамды одан әрі біріктіру, халықтың дәстүріне және ұлттық домбыраға құр¬метті көтермелеу. Бүгінгі күні сәбидің шыр етіп дүниеге келгендегі алғашқы сыйлығы – домбыра болып отыр. Қазақтың үні мен жанына айналған домбыра әрбір сәбидің серігіне айналсын. «Бесікте анасының әлдиін тыңдаған сәби есін біле бастағаннан өзіне сыйға берілген домбыраға ерекше құрметпен қарайды деген үміттеміз. Кім біледі, мүмкін олардың арасында күй атасы - Құрманғазының ізбасарлары, атақты ақын немесе қайраткер тұлғасы жатқан шығар» деген ізгі тілегін білдірген аудандық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова символикалық домбыраны және құттықтау хатын жас босанған бес анаға ұсынды.

Сондай-ақ, алғыс хаты мен гүл шоғын аудандық перзентхана бөлімшесінің аға акушеркасы Сағадат Аманғалиева, аудандық перзентхана бөлімшесінің меңгерушісі Абдихалықов Жанабіл Сұлтанғалиұлына табыстады.

Шара соңында аудан өнерпазы Алмазия Жаһина ұлттық аспапта күй күмбірлетті.

Айнагүл Күнұзаққызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521