Перзентханадағы аналар дауыс берді

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауынан түрлі себептермен ауруханада жатырған құрманғазылықтар да қалыс қалмауда.

«Өркен» балабақшасында орналасқан №172 сайлау учаскесіне (комиссия төрағасы Сағындық Мұратов) Бұзауслан, Жапырық, Байтарал елді мекендері қарайды. Мұнда 1256 сайлаушы тіркелген.

Түстен кейін сайлау комиссиясының мүшелері аудандық орталық ауруханада болды. Мұнда 50-ге жуық адам ем алуда. Алдымен өмірге сәби әкеліп және сондай бақытты күтіп перзентханада жатырған аналар қамтылды. Барлығы да кезекпен телефондарындағы жеке куәліктерімен тіркеліп, жәшікке сайлау бюллетендерін салып, өз таңдауларын жасады. Дені жастар екен. Одан кейін балалар бөлімі және аталған аурухананың басқа да бөлімшелеріндегі емделушілерге осындай мүмкіндік туды.

Олардың бәрі де бірауыздан дауыс беруге атсалысты.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT