Перрон күтімсіз қалған

(0 Votes)

Келесі кезекте Қиғаш және Еңбекші ауылдық округтерінің әкімдері Жігер Жанқанов пен Руслан Әмірханов өз хабарламаларында негізінен шешімін күткен мәселелерге тоқталды.

Аудандық мәслихаттың депутаты Гүлжанат Қалиева қосымша хабарламасында Қиғаш ауылдық округіндегі балабақшаның материалдық-техникалық базасы талаптарға сай келмейтінін, ауылдағы емдеу мекемесінде дәрігер тапшылығын, Д.Нұрпейісова бекетіндегі перрон күтімсіз қалғанын, округтегі екі ауылды жалғайтын жаяу жүргіншілер көпірін салмаса өр суы кезінде қатынас қиындап отырғанын алға тартты.

Күн тәртібіндегі өзге де мәселелер қаралғаннан соң, туындаған кейбір сұрақтарға аудан әкімі Қайрат Нұртаев жауап берді. Сессияны оның төрағасы, аудандық мәслихаттың депутаты, Нұрлан Құсайынов қорытындылап, қабылданған шешімдер депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT